top of page

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

 

 

 

 

А.Д. Ботабаева

 

 

Мемлекеттік қызметкерлерге  

қазақ тілін жеке

оқыту

 

В1 – ОРТА ДЕҢГЕЙ

 

 

 

 

48 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен,  2016

АЛҒЫ СӨЗ

 

       Бағдарламада қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеті, қазақ тілін меңгеру деңгейі; қазақ тілін іскери қатысымда, кәсіби мақсатта, курстың мазмұны мен құрылымы, әртүрлі қатысым салаларында қазақ тілін қолдану үшін қажетті дағды мен сөйлеу, тілдік біліктілігін меңгерудің талаптары анықталған.

         Курстың бастапқы сатысында тіл үйренуші қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу.

         Оқу: оқудың негізгі ережелерін білу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, сөздікпен және сөздіксіз оқу; қажетті ақпаратты табу, оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну:

           Жазу: емленің негізгі ережесін білу, жазбаша жұмыстарды орындай білу:

     Тыңдау: лексикалық минимум көлемінде монологтік және диалогтік сөйлеуді меңгеру.

         Сөйлеу: өз ойын, пікірін қазақ тілінде жеткізу, сұрақтар қоя білу және оларға жауап қайтара білу:

      Курстың қысқаша мазмұны: 48 сағат көлемінде 2 айға арналған бағдарлама (аптасына 5 рет, 1 сағаттан).

     Қазақ тілін оқытудың мақсаты: тіл үйренушінің кәсіби және қарым-қатынас құзіретін қалыптастыру; лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік – мәдени компетенциясын интегративтік негізде қалыптастыру.

         Белгілі бағдарлама көлемінде оқытылатын тілдің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым- қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық құзірет мазмұнына кіреді.

     Тіл үйренушілердің тіл нормаларын, тіл құралдарын білуі және дағдылану мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес тіл үйренушілердің  қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде мәтіндер мен өз ой-пікірлерін құрастыруда  пайдалануы дискурстық компонентке жатады.

     Тіл үйренушінің ұлттық тіл құбылыстарының ерекшеліктерін тіл иеленушінің оқытылып отырған тіл құбылыстары мен сол елдерге тән ерекшеліктермен салыстыру әлеуметтік – мәдени компонентті құрайды.

  Мақсаты: тіл үйренушіге күнделікті қатысым жағдаяттарында орта деңгейдің коммуникативті құзыреттілігінің шектелген түрін меңгерту.

       Міндеттері: тіл үйренуші әңгімелесуде айтылымның мазмұнын түсінуді, жаза алуды, ақпарат берушінің коммуникативтік ниетін анықтай алуды, сұхбаттасушының репликаларына өз көз-қарасын білдіре алуды, өзінің сөйлеу сөзін қазақ тілінің қазіргі нормаларына сәйкес ресімдей алуды, сонымен қатар ауызекі сөйлеу нормаларын да сақтай алуды, ұсынылған тақырыпқа байланысты логикалы сөйлемдер құруды, репродуктивті типтегі оқылған немесе тыңдалған мәтін негізінде әртүрлі мағыналық құрылымдағы және коммуникативтік бағыттағы монологтық сөйлем

bottom of page